Ағымдағы бақылау сұрақтары

1. Көне түркі әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?                   (VІ-ІХ ғасырлар)

      2.  Орхон жазуындағы жәдігерліктерге қандай ескерткіштер жатады?

3. "Күлтегін " жырының көркемдік ерекшеліктері қандай?

      4. Қорқыт ата кітабы  қандай әдеби ескерткішке жатады?

      5. Оғыз-намеге ("Оғыз-қаған " эпосы) тән сюжеттік желі қандай? 

      6. Әбу-Насыр  әл-Фарабидің  (870-950) ғылыми-әдеби еңбектері туралы не білесін?

7.Қарахан әулеті билік жүргізген  Х-ХП ғасырлардағы әдебиеттің негізгі ерекшеліктері қандай? Ол кезеңге кімдердің қандай шығармаларын жатқызамыз?

8. Махмұд   Қашғари кім? Оның  "Диуани лұғат ат-түрк " атты еңбегінің мәні қандай?

9. Жүсіп   Баласағұнның    "Кұтадғу біліг "  атты еңбегінің негізгі идеясы не?

10. Ахмед Иүгінекидің  "Хибатул-Хақайық"  еңбегінің негізгі идеясы мен  көркемдік ерекшеліктері қандай?

      11. Қожа Ахмет Иассауидің  "Диуани хикматы " қандай шығарма?

      12. Сүлеймен Бақырғани "Бақырғани кітабының" негізгі идеясы мен мәні қандай?

      13. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет қай кезеңді қамтиды?  (ХІІІ-ХҮ ғасырлар)

      14. Насреддин Рабғузи "Рабғузи қиссаларының " тақырыбы қандай?

      15. "Кодекс Куманикустың" мазмұны туралы не білесің?

      16. Xорезми "Мұхаббат-наме " дастанының сюжеті мен тақырыбы қандай?

      17.  Құтб  "Хұсрау-Шырын " дастаның негізгі тақырыбы.

      18. Сайф Сараидің "Гулистан 6ит - түркиі" мен Сағди Ширазидің «Гүлстан»  шығармасының  арақатынасы туралы не білесің?

      19. Дүрбектің  "Жүсіп-Зылиха " дастанының негізгі идеясы не?

      20. Әбілғазы "Шежіре-и түрк" шежіресінің мазмұны мен құрылысы туралы айт.

      21. Қадырғали Жалайыри  "Жами-ат тауарих" шығармасының тарихи мәні қандай?

      22. Хайдар Дулати  "Тарихи-и Рашидидің "  мазмұны мен мәні туралы не білесің?

      23. Бабырдың «Бабыр-наме» шығармасының құрылысы мен мәні туралы айт.